COVID-19: Қазақстан

СҚО «қызыл» аймаққа өтті

Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» өтті. Өңірде коронавирусқа шалдыққан науқас саны күрт өскен. 2 күн бұрын 31 адам болса, қазір күніне 55 жағдайдан тіркеліп жатыр. Елдегі эпидахуал да көңіл қуантпайды. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен тағы 8 облыс – қазір “қызыл” аймақта.

Өткен тәулікте 3700-ге тарта қазақстандық тәж вирусына шалдыққан. COVID-19-ды жұқтырғандардың басым бөлігі – Елорда тұрғындары. Онда мыңға жуық адам сырқаттанып қалған. Дүйсенбі күні, өкінішке қарай, 6 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Алтынай Казиканова