Құқық қорғау органдары

Экстремистік мазмұндағы материал таратқан петропавлдыққа айыппұл салынды

Экстремистік мазмұндағы материал жариялаған! Осындай айыппен Петропавл қаласының тұрғыны жауапкершілікке тартылды. 42 жастағы ер адам «Facebook» желісіндегі өзінің жеке парақшасына ел аумағында сақтауға және таратуға тыйым салынған діни бейнежазбаларды жүктеген.

Тексеру барысында петропавлдықтың деструктивті сипаттағы діни ағымның ұстанушысы екені анықталды. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлігі бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл – шамамен 300 мың теңге.

Дана Ешкенова