Қоғам

Өңірде халық санағының бірінші кезеңі қорытындыланды

Өңірде халық санағының бірінші кезеңі қорытындыланды.Естеріңізге сала кетейік, маусымның 1-інен 30-ы аралығында Ұлттық халық санағының бірінші кезеңі өткен болатын. Бұл кезеңде аудандарға бөлу, үйлерді аралау және тұратын халық санын нақтылау жұмыстары жүргізілді.

Өңірде интервьюерлер 246 мың тұрғын және тұрғын емес үй-жай мен ғимараттарды аралады. Қазіргі уақытта мамандар халық санағының негізгі 2-ші кезеңіне дайындалуда. Науқан қыркүйектің 1-інен басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Бүгінде интервьюерлерді 2-ші кезеңге тарту жұмыстары басталып кетті. Облыс бойынша қыркүйек айында маңызды іске 700-ден астам адам жұмылдырылады деп жоспарланып отыр.

Дана Ешкенова