Білім

Өңірде 1-ші сыныпқа қабылдау үшін 7 мыңнан астам өтініш түскен

Өңірде 1-ші сыныпқа құжат қабылданып жатыр. Бүгінге дейін 7 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Сәуірдің 1-інен бастау алған науқан тамыздың 1-іне дейін жалғасады.

Бейінді басқарма мамандарының айтуынша 1-ші сыныпқа құжат қабылдаудың осылай ерте ұйымдастырылуы екі жаққа да тиімді. Ата-аналар баланы асықпай жаңа оқу жылына дайындайды, ал мектептерде сыныпты жинақтауға, тиісті оқулық көлемін нақтылап, сынып санына байланысты педагогтар құрамын анықтауға мүмкіндік береді.

Данаш Хамзина