COVID-19: Қазақстан

Жалған вакциналау төлқұжатын әзірлегендер жазаланады

Вакцинацияны пайда табу көзіне айналдырғандар жазаға тартылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Мемлекет басшысы иммундау шарасына қарсы жандардың қауесетіне сенудің қажеті жоқ, екпе егу науқаны жалғасын табады деді. Екпе алу – әркімнің өз отандастары алдындағы міндеті деді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ, Ақмола және Алматы облыстарында жалған вакциналау төлқұжатын рәсімдеген медицина қызметкерлері ұсталды. Олар екпе салдырмаған адамдарға құжат берген. Ал қыруар қаржы тұратын препараттың өзін төгіп тастаған. Осылайша, бюджеттің ақшасын желге ұшырған, өздері қосымша пайда тапқан, ал адамдардың өміріне қауіп төндірген.

Алтынай Казиканова