МТРА жаңалықтары

Сайлау барысын 348 тәуелсіз бақылаушы қадағалайды

Сайлау барысын өңір бойынша 348 тәуелсіз бақылаушы қадағалайды. Олар еш партияға мүшелік етпейді. Азаматтардың барлығы арнайы дайындықтан өтті. Семинарларда сайлау барысында қандай құқықбұзушылықтар орын алуы мүмкін, заңның қандай бабына сүйену керек деген нұсқаулықтар беріліпті.

Бақылау екі кезеңнен тұрады: қысқа және ұзақмерзімді. Соңғысы қазір жүріп жатыр. Яғни, қадағалаушылар учаскелердің дайындығын бағамдап, мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай жағдай жасалғандығын тексеруде. Үгіт-насихат жұмыстарының да барысы – олардың бақылауында. Үміткерлерге тең мүмкіндік берілуін қадағалайды

Жанат Мұхамеджанов, “Партиялық емес байқау орталығы” РҚБ СҚОФ төрағасы:

– Қысқамерзімді бақылау – ол дәл сайлау күнгі бақылау. Таңғы 6-дан, сайлаушылардың дауысын санап біткенше жүргізіледі. Екі кезекте жұмыс істейді. Біреуі – түске дейін, екіншісі – түстен кейін. Біздің мақсатымыз – сайлаудың адал, таза, халыққа жария өтуін қамтамасыз ету.

Эльмира Садвокасова