Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО вакциналанғандардың саны бойынша алда келеді

Солтүстік Қазақстан облысы вакциналанғандардың саны бойынша алда келеді. Өңірде 160 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін салдырған. Бұл – бүкіл халықтың 29 пайызын құрайды. Ал 81 мыңнан астам адам иммундау шарасының толық курсынан өткен. Естеріңізге сала кетейік, ұжымдық иммунитет пайда болуы үшін ковид-19-ға қарсы екпені 311 мың теріскейлік алуы тиіс.

Бұл ретте екінші орында – Алматы облысы. Оңтүстік астанада вакцинаның алғашқы құрамын 500 мыңға жуық адам алған. Бұл халықтың 28,3 пайызын құрайды. Көш соңында – Маңғыстау облысы. Мұнда 5 айдың ішінде 78 мың ғана адам екпе қойдырған. Жалпы, ақпан айынан бері 4 млн-нан астам қазақстандық вакциналанған.

Дана Ешкенова