ТЖ

Айыртау ауданында орманды алқаптан өрт шықты

Айыртау ауданында орманды алқаптан өрт шығып, 100 гектар аумақ жанып кетті.
Кеше түскі 1 кезінде өрт сөндірушілерге Имантау ауылынан 5 шақырым жерде құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы хабар түскен.

Қызыл жалын жақын маңдағы “Қарауылтөбе” орман шаруашылығына бет алып, шетіндегі қайың-қарағайды жалмаған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 5 сағат уақыт кеткен. Жеке құрамнан 114 адам, 16 техника, тіпті, тікұшақ жұмылдырылыпты. Сондай-ақ, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Арықбалық”, “Шалқар” филиалдары, жергілікті шаруашылық өкілдері мен тұрғындар көмекке келген.

Евгений Журавлёв, СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында өрт ауыздықталып, сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Дана Ешкенова