Қылмыс

Туған қызын өлімші етіп сабаған әйелге қатысты сот үкім шығарды

Естеріңізге сала кетейік, жаға ұстатарлық жағдай қаңтар айында орын алды. 22 жастағы Екатерина Голешова 3 жастағы мүгедек қызын 1 ай бойы аяусыз соққыға алған. Ал қаңтардың 17-сі кішкентай балапан қатты жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне ауыр халде түседі. Бір айдан астам уақыт бойы дәрігерлер оның өмірі үшін күреседі.

Өкінішке қарай, туған анасының қолынан қатты соққы алған бүлдіршін есін жинай алмастан ауруханада жан тапсырады. Тасжүрек әйел өз кінәсін мойындады. Екатерина Голешова сот отырысында “ешкімді өлтіргісі келмегенін” және “оның қалай болғанын түсінбей қалғанын” айтқан. Прокурор келіншекке 11 жыл жаза мерзімін сұратқан. Сот Екатерина Голешованы 10 жарым жылға бас бостандығынан айырды. Айта кетейік, қатыгез шеше жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа түзету мекемесінде өтейтін болады.

Дана Ешкенова