Құқық қорғау органдары

Кәсіпорын басшысы лаңкестік шабуылдан қорғану ережесін сақтамаған

Қазіргі күні СҚО-да лаңкестік шабуылдан қорғану тұрғысынан осал 577 нысан бар. Жергілікті тәртіп сақшылары ол жердегі қауіпсіздік шараларын жиі тексеріп тұрады.

Жыл басынан бері облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдерімен бірге 32 нысанға тексеру жүргізді. Шара барысында Шал ақын ауданында орналасқан ғимараттың бірінде инженерлік-техникалық қауіпсіздіктің сақталмағаны анықталды: бейнебақылау камераларының бірнешеуі істемей тұрған. Нысанның басшысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 470-бабы бойынша хаттама толтырылып, 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл – шамамен 117 мың теңге.

Бердимурат Баймухан