Құқық қорғау органдары

Іздеуде жүрген борышкерлер Ресейден табылды

Іздеуде жүрген борышкерлер Ресейден табылды. 54 жастағы әйел адам 2014 жылдан бері іздеуде болған. Ол банктердің біріне 2 млн теңгеден астам ақша қарыз. Жергілікті көші-қон қызметінің мамандары ресейлік әріптестерімен бірге қарызын төлеуден жалтарып жүрген әйелді жер-жерден іздестіріп, ақыры Омбы қаласынан тапқан.

Ғ.Мүсірепов ауданның полиция бөліміне де жеке сот орындаушысынан 42 жастағы ер адамды іздестіру жөнінде қаулы келіп түскен. Ол танысына 500 мың теңгеден астам ақша қарыз екен. Ер адамға мемлекетаралық іздеу жарияланып, Тольятти қаласында ұсталған. Тағы бір борышкер Түмен қаласында құрықталды. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандық көші-қон қызметінің мамандары алимент төлеуден жалтарып, көрші елде жасырынып жүрген 3 адамның орналасқан жерін анықтады.

Данаш Хамзина