Қылмыс

СҚО-да жырты жылда 4 есірткі зертханасы жойылған

Облыста жарты жылда 4 есірткі зертханасы жойылған. Нашаны сатудың 30-ға жуық фактісі тіркелген.
65 жағдай есірткіні сақтауға қатысты, 5 адам нашаны шекарадан өткізбек болған.

Облыс аумағында заңсыз айналымнан 125 келіден астам есірткі тәркіленіп алынған. Оның 4 келісі синтетикалық өнім болып табылады. Бұдан бөлек, есірткілік масаң күйде рөлге отырған 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Полиция қызметкерлерінің айтуынша бүгінде облыста 500-ден астам нашақор есепте тұр. Оның 40-ы – әйел адам, ал біреуі – тіпті, кәмелетке толмаған бала. Нашақорлыққа салынған 22 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. 3 адам құрбан болған, біреуі – нәзікжанды.

Бердимурат Баймухан