МТРА жаңалықтарыҚұқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан бері 50-ден астам жалған жарнама анықталған

Әлеуметтік желілерде жалған жарнамалар көп. Оны аңдамай ақтарған адам опық жеп қалуы мүмкін. Жергілікті полиция қызметкерлері жыл басынан бері осындай 52 жалған жарнама анықтап, олардың барлығын сайттың әкімшілігі арқылы жойған.

Айтуларынша, қулар тарапынан жиі кездесетін әдіс: көрсетілетін қызмет пен сатылатын тауардың құнын алдын ала сұрату. Мұндай жалған жарнамалар күнделікті қолданылатын әлеуметтік желілерде жиі кездеседі. Алаяққа алданып қалмас үшін тәртіп сақшылары желідегі саудагерден видеобайланысқа шығуын және тауарды көрсетуді талап ету қажет дейді.

Данаш Хамзина