МТРА жаңалықтарыЭкология

Пестрое көлін жалға алушы жауапкершілікке тартылды

Пестрое көлін жалға алған адам жауапкершілікке тартылды. Тұрғындар көлдің жағасында қоқыстан аяқ алып жүргісіз деп әлеуметтік желіде жарыса жазған болатын. Бұдан кейін полиция қызметкерлері тексеріс жүргізеді.

Нәтижесінде Пестрое көлін жалға алған адамға қатысты жағажайды уақытында тазаламағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 505-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары, әзірге, ескертумен шектелген. Айыпты тұлға арнайы мамандарды жалдап, көлдің жағасын қоқыстан тазалаған.

Тиісті ережеге қайшы әрекет тағы қайталанса 300 мың теңгеге жақын айыппұл салынады. Жалпы, жыл басынан бері полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзғандарға қатысты 6 мыңнан астам хаттама толтырған, оның 2 мыңнан астамы – облыс орталығында.

Данаш Хамзина