Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге келген Сенат депутаттары бірқатар нысандарды аралады

Сенат депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина ең алдымен Аққайың ауданына қарасты Астраханка селосына бет алды. Мұнда олар күнгейден қоныс аударған ағайынмен жүздесіп, салынған баспаналардың сапасын байқап қайтты.

Мейрмандар жанұясы қонақжай солтүстікке өткен жылы қаңтар айында Жамбыл облысынан көшіп келген. Балалы-шағалы ерлі-зайыптылар үймен қамтылды, жұмысқа орналастырылды. Отағасы Арман Мейрман – мектепте мұғалім, келіншегі декреттік демалыста екен.

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Үй қыста жылы ма? Су мен канализация бар ма? Тамаша. Жергілікті әкіммен келісіп отырмыз, осы күзде сіздерге жәрдем көрсетіледі. Перегной, чернозём әкелінеді. Бұл жерде шағын саябақ салуға болады. Картоп ексеңіздер де.

Жалпы, Астрахан ауылдық округінде өткен жылы қоныс аударушыларға арналып 15 баспанның құрылысы басталған болатын. Соңғы бір жылда осы жерге оңтүстіктен 7 жанұя көшіп келген. Үстіміздегі жылы 15 отбасы келеді деп күтілуде.

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшіру бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысында қарқынды жүріп жатыр. Сонда да бірқатар сұрақтар туындап, кейбір үйлердің сапасы төмен болды. Оған мемлекет басшысы да назар аударып, бірнеше әкім жұмысынан айырылды. Қазір республикадан келген комиссия үйлерді тексеріп, өз қорытындыларын жазуда.

Кейін сенаторлар Қызылжар ауданындағы Чапаев селосына ат басын бұрды. Мұнда Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина былтыр қолданысқа берілген сүт-тауарлы ферманың жұмысымен танысты. Кешеннің құрылысына 3 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. «Қызылжар Сүт» серіктестігінің атқарушы директоры Олжас Бектасовтың сөзінше қазіргі күні мұнда шетелден сиырлар жеткізіліп жатыр. Фермада барлығы – асылтұқымды 340 ірі қара бар екен. Қыркүйек пен қазан айларында тағы 380 бас әкелінеді деп жоспарланып отыр.

Олжас Бектасов, «Қызылжар Сүт» ЖШС атқарушы директоры, Қызылжар ауданы:

– На сегодняшний день мы доим около 200 голов. В среднем суточная норма – 20-22 литра.

 

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Куда молоко сбываете? Кому продаете?

– Основной наш покупатель это – «Молсервис».

Шетелден жеткізілетін бір ірі қараның бағасы – 1 млн 200 мың теңге. Оның 400 мың теңгесі мемлекеттен субсидияланады. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласына Үкімет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатыр деді Ерік Сұлтанов.

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Әсіресе, сүт-тауарлық фермалар көп салынып жатыр екен. Бұл – дұрыс қадам. Биыл тағы 16 кешен салынбақшы. Қазіргі кезде мал шаруашылығымен айналысу – өте тиімді бағыттардың бірі. Тек ерінбей еңбек ету қажет”.

Сенат депутаттары Петропавлға соғып, “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан “Claas” зауытына бас сұқты. Комбайн құрастыратын кешеннің құрылысы өткен жылы басталған болатын. Бүгінде шаруаның басым бөлігі аяқталып қалған.

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Какая мощность будет завода?

 

Вальдемар Приб, “Class” компаниясының жобалық үйлестірушісі:

– Здесь около 300-400 комбайна можем собрать спокойно. Это только с увеличение людей конечно

Айта кетейік, маңызды жобаны жүзеге асыруға ел бюджетінен 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген болатын. “Class” компаниясының жобалық үйлестірушісі Вальдемар Прибтың сөзінше зауыт 15 күннен кейін толыққанды іске қосылмақ.

Вальдемар Приб, “Class” компаниясының жобалық үйлестірушісі:

– Зауыт 3ске қосылғанан кейін 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Жоспар бойынша биыл ауыл шаруашылығы техникасының 93 данасын шығаруды көздеп отырмыз. Кәсіпорынның қуаттылығы жыл сайын арта түседі. Техника ауыл шаруашылығы өкілдеріне қолжетімді бағамен сатылады.

Аққайыңдар өлкесінде бірнеше нысанды аралаған Сенат депутаттары өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын берді.

Дана Ешкенова