Құқық қорғау органдары

Өңірде “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр

Жаз келгелі өңірдегі жол қозғалысы да күрделен түсті. Көшеде жеңіл көлікпен қатар қос дөңгелектілер де қатарласа жүреді.

Көлік апаттарының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары облыс көлемінде “Қауіпсіз жол” акциясын өткізіп жатыр. Жұмысшы кентінде мотоцикл тізгіндеген жас жігіт тоқтатылады. Анықтай келе, 21 жастағы тұрғынның тиісті рұқсат құжаттары болмай шыққан. Көлік құралы өзімдікі деген, бірақ, іс жүзінде рәсімделмепті.

Ақыры полиция қызметкерлері жігітке қатысты әкімшілік хаттама толтырады. Жалпы, 5 күннің ішінде ережеге қайшы 2300-ден аса факті тіркелген. 26 адам рөлге мас күйінде отырған. 200-ге жуығы жылдамдықты асырған. Ең жиі кездесетін өрескел әрекет – көлікті жүргізіліп келе жатып телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпайтындар да аз емес.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– СҚО аумағында ағымдағы жылдың 6 айы ішінде 80 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 12 адам қайтыс болды.

Эльмира Садвокасова