Тұлға

ҚР еңбек сіңірген әртісі Надежда Косыгина 70 жасқа толды

Надежда Косыгина – өз ісіне жауапты, тиянақты жан. Өмірінің тең жартысын өнерге, сахнаға арнаған. Бүгін өзінің жүріп өткен жолдарын сағынышпен еске алып, 70 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Надежда Антоновнаны облыс әкімі атынан орынбасары Ғани Нығыметов құттықтап, Құрмет грамотасын табыс етті.

Ғани Нығыметов, СҚО әкімінің орынбасары:

– Облыс әкімі мен жеке өзімнің атымнан сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құтттықтаймын. Өңірдің мәдениет саласының гүлденуіне сүбелі үлес қосып жатырсыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілеймін.

Алғашқыда Надежда Косыгина өнер жолын әншіліктен бастаған. Кейіннен өзін актриса ретінде байқап көріп, театрға бет бұрған. Тіпті, ресейлік театр ұжымдарының назарына ілігіп, шақырту да алған екен. Бірақ, сахна майталманы осы жақта қалып, өңір мәдениетіне үлес қосуды жөн көріпті. Қазіргі таңда өнер иесі Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында еңбек етуде.

Надежда Косыгина, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Өмірімнің тең жартысының өнер жолында өткеніне еш өкінбеймін. Сахна, өнер – бұл менің өміріме мән беретін дүниелердің бірі. Осы салада әлі де тер төкпекпін, білген-түйгенімді жастарға үйретемін.

Айта кету қажет, өнер иесі сахнада 50-ге тарта рөл сомдаған.

Алдияр Айтпаев