Ерiктiлер

20 мұқтаж отбасыға азық-түлік қоржыны тарту етілді

Мария Галаганова – “Күміс алқа” иегері. Нәзікжанды өзі жалғыз 6 баланы тәрбиелеуде. Үлкені – 20-да, кішісі 6 жаста екен. Мерекеге орай көпбалалы отбасы назарға бөленді. Қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері жанұяға бір сөмке сыйлық әкеліпті. Май, қант, картоп, сәбіз бен макарон өнімдері және шай ішуге – тәтті-дәмді. Қысқасы, қажетті азық-түліктің барлығы бар.

Мария Галаганова, көпбалалы ана:

– Өте қуаныштымын. Волонтерлерге алғысым шексіз. Әр мейрамда келіп құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Мұндай акциялар шынымын де дәстүрге айналған. Маусымның бірі – Халықаралық балалар күнінде де еріктілер 20 отбасыны қуантқан.

Әлфараби Мыңбай, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Бүгін аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында іс-шара ұйымдастырудамыз. Акция барысында демеушілердің көмегімен 20 отбасыға 15 мың теңгенің азық-түлік пакеті табыс етіледі.

Көмекке мұқтаж жандардың тізімін жастар ресурстық орталығы әкімдік пен волонтерлерден алады екен әрі әлеуметтік желілерде жәрдем сұрап жазатындарға да қол ұшын созады.

Эльмира Садвокасова