ТЖ

Немересін судан құтқарып, өзі батып кетті

Немересін құтқарамын деп суға өзі батып кетті. Қайғылы жағдай кеше Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Неженка селосының жанында орын алды. 70 жастағы қария 7 жасар немересін алып, Есіл өзені көпірінің маңына тоқтаған. Көлігін жумақ болыпты. Кейін жағалауда жүрген немересінің суға құлап кеткенін байқаған. Баланы құтқарып қалады, алайда, өзінің әлі таусылып, ағыны қатты суға шыдас бере алмаған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қарияның денесін екінші күн қатарынан іздестіріп жатыр.

Эльмира Садвокасова