COVID-19: Қазақстан

“Қызылжар су” серіктестігінің 500-ден астам қызметкері иммундау шарасынан өтті

Евгений Новожилов «Қызылжар су» серіктестігінде көптен бері жұмыс істейді. Бүгінде кәсіпорындағы спорт кешеніне жауапты. “Салауатты өмір салтын ұстанғандықтан әрі әлемдегі эпидахуалдан хабардар болғандықтан денсаулығыма бейжай қарамаймын”,- дейді азамат. Сондықтан. сәуір айында иммундау шарасының толық курсынан өткен. Таңдағаны – ресейлік “Спутник V” вакцинасы.

Евгений Новожилов, «Қызылжар су» ЖШС спорт кешенінің әкімшісі:

– Мен бүгінге дейін коронавирус инфекциясымен ауырған жоқпын. Аты жаман дерттен одан әрі сақ жүру үшін екпе салдырттым. Біздің серіктестікке арнайы мобильдік топ келді. Ешқайда бармай жұмыс орнымда вакцина алдым. Бұл өте ыңғайлы, уақытымызды да үнемдедік.

Бүгінде «Қызылжар су» серіктестігінде 700-ден астам адам жұмыс істейді. Оның 533-і иммундау шарасынан өткен. Қалған 96 қызметкер денсаулығына байланысты екпе қойдырған. Жалпы, пандемия басталғалы кәсіпорында 120-ға жуық қызметкер короновируспен ауырып шығыпты.

Айгүл Ысқақова, «Қызылжар су» ЖШС кәсіподақтар ұйымы комитетінің төрайымы:

– Өңірімізде иммундау шарасы басталған кезде біраз қызметкеріміз екпе салдыртты. Бүгінге дейін көбі вакциналаудың толық курсынан өтті. Кәсіпорында жұмысшыларымыздың ыңғайлылығы үшін арнайы екпе қосыны да ашылды.

Елдің бас санитариялық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, 15 шілдеге дейін covid-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа шығуы шектелетін болады.

Дана Ешкенова