Көлік және жолдар

Қызылжар ауданында жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып қалды

Қызылжар ауданында жүкті әйелді әкетіп бара жатқан жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып қалды. Оқиға кеше кешкі 5 жарым кезінде Петерфельд селосының маңында болған. Темір тұлпарлардың екеуі де Петропавлға бет алған екен. Жол апатының салдарынан “Ауди”-де отырған екі адам зардап шекті. Оның бірі – Мамлютка қаласының 58 жастағы тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Емдеу мекемесіне шұғыл түрде 28 жастағы жүкті әйел де жеткізілді. Оны жедел жәрдем мамандары перинаталдық орталыққа жоспарлы госпитализацияға апармақшы болған. Бүгінде науқастардың жағдайы жақсы. Нәзікжанды кеше босанып, бөбегін құшағына басты. Екеуі де – дін аман. Әзірге, жол-көлік апатына кімнің кінәлі екендігі турасында ақпарат жоқ. Полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Эльмира Садвокасова