Ауыл шаруашылығы

Президент ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға тыйым салу мерзімін ұзартты

Енді азаматтар өсімдік өсіріп, мал жаюға арналған аумақтарды 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін өз иеліктеріне өткізе алмайды. Жерді Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер қатыспаған заңды тұлғалар ғана 49 жылға жалға ала алады. Алқаптар мен жайылымдар қосалқы жалгерлікке берілмейді. Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері белгіленеді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын ұстап-бағуға арналған жайылымдық алқаптардың шекаралары айқындалады.

Дана Ешкенова