Құқық қорғау органдары

“Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” акциясы өтіп жатыр

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” акциясын өткізуде. Іс-шара кезінде мамандар әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, үйлерді аралай жүріп және қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Басты мақсат – әйелдер қауымын қолға алынатын шаралармен, көрсетілетін көмек түрлерімен таныстыру. Айта кетейік, қазір полиция қатарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар жұмыс істейді. Жыл басынан бері мамандар жанұяның құтын қашырған 300-ден астам жанды әкімшілік қамауға алыпты. Сонымен қатар, қорғау ұйғарымын бұзған 66 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Әсия Абжанова – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Профилактикалық есепте 200-ге жуық жанжалқой тұр. Олардың барлығына қатысты қорғау бұйрығы шығарылған. 183 адамның мінез-құлқына байланысты ерекше талаптар белгіленген.

Байболат Култанов