СҚО-да 4 күнде 32 мас жүргізуші ұсталған

Құқық қорғау органдары

23:46 29 Маусым 2021

4 күнде – 32 мас жүргізуші. Облыста өткен арнайы жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы жаға ұстатады. Рөлге отырған адамның мұндай жауапсыздығы өзге тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді. Ел ағасы жасына жетсе де ережені елемейтіндер бар. 52 жастағы петропавлдық ішімдік ішкен күйі көлік басқарған. Оны полиция қызметкерлері Брусиловский мен Гоголь көшелерінің қиылысында тоқтатқан. Медициналық тексерістің нәтижесінде ер адамның мас екендігі анықталды. Қолында жүргізуші куәлігі жоқ. Бұл құжаттан 2017-де 3 жылға айырылған. Тиісті мерзім өтсе де куәлігін қалыпқа келтірмеген. Аталған жайтқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, ер адам 20 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан әрі оқыңыз

Қыс қаһарына мінді
Учаскелік полицейлердің қызметтік формасы ауыстырылады
Облыс әкімі мен облыс коменданты брифинг өткізді
Облыстың 5 тұрғыны блокбекеттерді айналып өтпек болған
Тәртіп сақшысы зейнеткерді өрттен аман алып қалды
Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді
Полицейлер көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды құттықтады
СҚО-да учаскелік инспекторлар 2 мыңға жуық қылмыстың бетін ашқан