БАҚ

БАҚ өкілдерін облыстық кәсіподақтар орталығы құттықтады

Бүгін облыстық кәсіподақтар орталығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап салтанатты жиын өткізді.

Шарада жыл бойы бірлесе атқарған жұмыстар жіпке тізіліп, бірқатар марапат иесін тапты. Айта кету қажет, қазірдің өзінде өңіріміздегі кәсіподақтарға 64 мыңнан астам адам мүшелік етеді. Олар журналистермен етене жақын жұмыс істеуде. Арадағы байланыс алдағы уақытта да сақталмақ.

Кемел Оспанов – СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы:


-Пандемия кезінде БАҚ өкілдерінің жұмысын ерекше атап өтуге болады. Халыққа елдегі болып жатқан жайтты осы БАҚ өкілдері уақытылы жеткізіп отыр. Біздер қазіргі таңда кәсіподақ ұйымымен тығыз қарым-қатынастамыз.

Алдияр Айтпаев