Спорт

“Qyzyljar” ФК кезекті жеңісіне қол жеткізді

“Qyzyljar” футбол клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы теріскейлік құрама азулы “Astana”-ны тізе бүктірді.
Матч 3-те 2 есебімен аяқталды. Тартысқа толы ойында жергілікті команданың жартылай қорғаушылары Юрий Бушман, Максим Драченко мен Дарко Зорич көзге түсті. Қанжығаға байланған 3 ұпай солтүстікқазақстандықтарды турнирлік кестенің 5-ші сатысына жайғастырды. Келесі кездесуді жергілікті аяқ доп шеберлері сырт алаңда талдықорғандық “Jetisy”-ға қарсы өткізеді. Матч шілде айының 3-ші жұлдызына белгіленіп отыр.

Алдияр Айтпаев