МТРА жаңалықтары

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға түзетулер енгізілді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң жобасы жаңа баптармен толықты. Жоғарғы палатаның пленарлық отырысында сенат депутаттары құжатты екі оқылымда қарап, қабылдаған.

Кәсіпкерлік қызметте заңсыз тексерулер мен өзге де бақылау шараларын жүргізген лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі 2 айдан 1 жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, қоластындағы қызметкерлерге қатысты кемсітушілікке жол берген басшылар да заңмен жазаланады. Құжатта құқық қорғау органдары күзететін нысанға заңсыз кірген адамға жаза қарастырылғаны туралы жазылған. Сонымен қатар, бұл түзетулер аясында прокурорлар мен учаскелік инспекторлардың позициясы күшейтіледі. Енді прокурор шығарған қаулыны орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Алдияр Айтпаев