Балалар

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында. Бұл ретте мемлекет басшысы университет, колледж, мектеп пен балабақшалардың дайындығын тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейіне де назар аударған жөн. Білім беру мекемелерінің басым бөлігінің бір жылдан астам уақыт бойы толыққанды жұмыс істемеуіне байланысты Президент әзірлікті қазірден бастап қолға алу қажеттігін қадап айтты.

Эльмира Садвокасова