COVID-19: Қазақстан

СҚО-да өткен тәулікте 13 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 1700-ге жуық қазақстандық коронавирус жұқтырған. Науқастардың басым бөлігі – нұр-сұлтандықтар.

Маусымның 27-сіндегі жағдай бойынша, бас қалада 507 жағдай тіркелген. Оңтүстік астанада да инфекцияға шалдығушы жандардың саны күн сайын артып барады. Індет белгілері 200-ден астам адамның бойынан табылған. Өңірдегі жағдайға келетін болсақ, кеше 13 адам инфекциялық стационарға жатқызылыпты. 11-і дерттің симптомды түріне шалдыққан. Сондай-ақ, қазір елімізде вакциналау науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін 3 млн 165 мың қазақстандық екпенің – алғашқы, ал 1 млн 905 мың тұрғын екінші компонентін алған. Халықты иммундау көрсеткіші бойынша Солтүстік Қазақстан облысы 16-шы орында тұр. 111 мыңнан аса солтүстікқазақстандық екпенің бірінші компонентін салдыртқан. Толық курстан өткендердің саны 67 мыңнан асады.

Байболат Култанов