Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімінің қоғамдық қабылдауы өтті

Баспана үшін адам қандай ғана қулыққа бармайды. Қала тұрғыны Малик Шигабутдинов өз сөзін осылай бастады. Азамат шындық пен әділдік іздеп облыс әкімінің қоғамдық қабылдауына келіпті. Арқалаған мәселесінің күрмеуі күрделі. Себебі, шаршы метрлерге байланысты. Оқиға осыдан бақандай 14 жыл бұрын орын алған. Қарияның айтуынша, дәл сол уақытта шаһардағы бірнеше пәтер заңсыз түрде жекешелендіріліп алынған. Яғни, үйлердің иесіз қалғандығын растайтын сот шешімі де, әкімдік меншігіне өткізуге рұқсат беретін ордер де жоқ.

Малик Шигабутдинов, қала тұрғыны:

-Кейбір органдар арасында парақорлыққа жол беріп, алаяқтық арқылы пәтер үлестіргендер бар. Ал мүгедектер мен ҰОС ардагерлері болса, армандаған баспаналарына қол жеткізе алмай жүр.

Малик Шигабутдиновты Кирпичная, 10 мекен жайы бойынша орналасқан пәтердің де жекелешелендірілуі алаңдатуда. Кезінде баспананың кілті ҰОС ардагеріне табысталыпты. Қария көз жұмғаннан кейін үй балаларына қалған. Бірақ, пәтердің жаңа қожайындары оны өз аттарына аудара алмаған.

Болат Жұмабеков, Петропавл қаласының әкімі:


-Шынымен де бұл мәселе біраз қарастырылды. Пәтердің жекешелендірілуі заңсыз деп табылды. Оны кейін қайта қарастырдық. 2011 жылы сот заңдастыру шешімінің күшін жою туралы талапты мақұлдады.

Ал 2020 жылдың жазында аталған пәтер коммуналдық жекеменшікке өтті. Қала тұрғынына 2006-2007 жылдары заңдастырылған пәтерлерге де қатысты жауап берілді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-На основании этих документов, там нет оснований проводить расследований. Акимат города утверждает, что признавать сделку нет оснований.  Так, Булат Серикович?

– Верно. 

Қысқасы – мәселенің анық-қанығы мен пәтерлердің алғашқы иелерін анықтау бүгінде мүмкін емес. Себебі, істің мерзімі ескірген, яғни біраз уақыт өтіп кеткен.

Эльмира Садвокасова