Мәдениет

Жарасбай Сүлейменовтың жаңа туындысы жарық көрді

«Сәулелі ғұмыр»! Осындай атаумен қаламы қарымды жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменовтың жаңа туындысы жарық көрді.
Сиясы әлі кеуіп үлгермеген еңбекте Абай Құнанбайұлы, Сәбит Мұқанов және Сафуан Шәймерденов сынды қаламгерлер мен өзге де белгілі азаматтар жайлы жазылған. Кітап 10 мың данамен басылып шықты. Жинақ 4 бөлімнен тұрады. Құнды қазынамен С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханаға келіп, танысуға болады. Жалпы, Жарасбай Қабдоллаұлы журналистика саласында жарты ғасырға жуық еңбек етуде. Осы уақыт аралығында «Көмескі із», «Өмір-бәйге», «Мағжан әлемі» атты 40-қа жуық туынды шығарған.

Жарасбай Сүлейменов – жазушы, журналист, СҚО құрметті азаматы:

-Менің ойымша, біздің еліміздің қазіргі дамуына үлес қосып жүрген жастар тұлғаларды білуі тиіс. Олардың өмір жолы шын мәнінде сәулелі, ғибратты. Сондықтан, жастар олар туралы жазылған еңбектер туралы оқыса, жақсы жолды таңдайды ма деген үміт қой.

Алтынай Казиканова