COVID-19: Қазақстан

64 мыңнан астам солтүстікқазақстандық екпенің толық курсын қабылдады

The YouTube ID of HFDzEvjiDmo</strong> is invalid.

Иммундау шарасынан өтпес бұрын әр адамның қан қысымы мен дене температурасы өлшенеді. Мамандар азаматтан алдын ала “Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? Қандай да бір препаратқа аллергияңыз бар ма?” деген сауалдар қойып, жауап алады. Барлық көрсеткіштер талапқай сай болса, екпе салынады. Қазір дәрігердің қарауында – қала тұрғыны Болат Джақсылықов. 46 жастағы ер адамның көрсеткіштері жақсы. Дәрігер Болат Джақсылықовты коронавирусқа қарсы екпе салдырту үшін егу кабинетіне жіберді.

Болат Джақсылықов – қала тұрғыны:

-Жана ғана екпе қойдырдым. Ресейлік “Спутник V”-дің 1-ші компонентін алдым. Енді 21 күннен кейін вакцинаның 2-ші компонентін қойдырамын. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Бүгін отбасымның барлық мүшесі иммундау шарасынан өтпек.

Бүгінде №3 қалалық емханада 4 егу кабинеті жұмыс істеп тұр. Мұндағы мамандардың сөзінше, соңғы аптада коронавирусқа қарсы екпе аламын дейтіндердің саны 1,5 есеге артқан. Орта, егде жастағы жандарға қарағанда жастардың қатары басым.

Азат Қартаев – №3 қалалық емханасының жалпы тәжірибедегі дәрігері:

-Ақпан айында вакцинаны 50 жастағы адамдар көбірек қойдыртса, қазіргі таңда 18 жастан асқан азаматтар белсенділік танытуда. Тұрғындардың арасында ресейлік “Спутник V” екпесі аса сұранысқа ие. Бұған дейін иммундау шарасынан өткен жандардың ешқайсысынан кері әсер байқалмады.

№3 қалалық емханасында 10 жарым мыңға жуық адам вакцинаның 1-ші компонентін салдыртқан. Ал 7 мыңға жуық тұрғын иммундау шарасының толық курсынан өткен.

Салтанат Төреқұлова – №3 қалалық емханасының дәрігер-эпидемиологы:

-4 түрлі вакцинаның бірін таңдауға болады. Ол: отандық, ресейлік, Араб Әмірліктерінде шығарылған өнімдер және жуырда келіп жеткен – қытайлық “Коронавак”. Күніне 400-500 адамды қабылдаймыз. Екпе қоры жеткілікті.

Тұрғындар індеттің қауіпті екендігін біледі. Сақтану жолы да мәлім. Коронавирусқа қарсы екпеге деген сұраныстың артқаны соншалық, соңғы тәуліктің өзінде емханалардың жүктемесі өткен аптаға қарағанда 5 есеге көбейген.

Дана Ешкенова