Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық криминалистер саусақ іздерін адам терісінен анықтай алады


Солтүстікқазақстандық криминалистер саусақ іздерін адам терісінен анықтай алады. Аталған әдісті жергілікті полиция қызметкерлері ел бойынша алғаш болып қолға алды.
Мамандардың айтуынша бұл тәсілдің шет-жағасы әуелден белгілі, бірақ оны іс жүзінде қолдану қиындау көрінеді. Сол себепті, аса тарала қоймаған екен. Адам терісінен саусақ іздерін анықтау әдісін жетілдірген криминалистер бұның ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерін ашуда септігі тиетінін айтты.

Игорь Семёнов – СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы:

-Екі ай бойы жүргізілген зерттеу жұмысы өз нәтижесін берді. Адам терісінде қалған саусақ ізінің белгілерінен бастап толық көлеміне дейін біле аламыз. Бұның қылмыскердің түр-тұлғасын анықтауда маңызы зор.

Данаш Хамзина