Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО әкімін қабылдады

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше облыс әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. /////

Өңір басшысы Президентке Солтүстік Қазақстан облысының жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп берді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Құмар Ақсақаловқа әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыруды тапсырды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы өлкедегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Эльмира Садвокасова