БАҚ қызметкерлерінің күніне орай байқау өтті

БАҚ

23:25 24 Маусым 2021

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған конкурс қорытындыланды. Облыстық білім басқармасы өткізген байқауға жалпы саны 60-қа жуық бейнематериал пен мақала қабылданды.  Жұмыстардың барлығы білім беру жүйесінің дамуы мен жаңашылдықтарына арналған. Муниципалдық телеарнаның журналистері үздіктер қатарынан көрінді. Тілшілер арасынан Әйгерім Мұқашева екеуіміз жүлделі екінші орынды еншіледік. Біздің арнайы жазған сюжетімізде білім беру саласының 30 жылда қалай дамығаны туралы баяндалады. Тағы байқауда әлеуметтік желілерде ақпараттандыру жұмысын белсенді жүргізген БАҚ өкілдері марапатталды. Бұл аталымдағы жүлдені 10 жылдық еңбек өтілі бар “Qyzyljar nury” газетінің тілшісі Аманжол Нұртазин иеленді.

Аманжол Нұртазин – “Qyzyljar nury” газетінің тілшісі:

– Байқауға бірнеше жұмысымды ұсындым, соның ішінде әлеуметтік желілерде жариялаған мақалаларым өз жемісін берді. Бүгінде әлеуметтік желілерді бүкіл дүниежүзі қолданады.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз