Спорт

«Qyzyljar» мен “Aktobe” тең тарқасты

«Qyzyljar» мен “Aktobe” тең тарқасты. Кеше кешке сырт алаңда өткен матч 1 де 1 есебімен аяқталды.
Тартысты ойындағы алғашқы голды петропавлдықтар соқты. Кездесудің 68-ші минутында Дарко Зорич алыс бұрышты дәл көздеп, командасын алға шығарды. Бірақ, көп ұзамай таразы басы теңесті. Тайлы-таяғы қалмай шабуылдаған батыстықтар өз дегендеріне матчтың соңына таман жетті. Ойынның қалған бөлігінде қос тарап қанша тырысқанымен, таблодағы есеп сол күйі қалды. «Qyzyljar»-дың келесі қарсыласы – азулы «Astana». Бұл кездесу маусымның 27-сі күні “Қарасай” стадионында өтеді.

Байболат Култанов