Құқық қорғау органдары

Полицейлер толғағы қысқан келіншекті перзентханаға жеткізді

Сөйтіп, дереу қызметтік көліктің сиренасын қосып, босанғалы жатқан келіншекті перинаталдық орталыққа апаруға асығады. Артта жаны қиналып, жылап отырған келіншекті шұғыл түрде жеткізу үшін кейбір жол ережелерін бұзуға да тура келіпті. Өйткені, әр секунд маңызды. Ал Серік Қанапиннің әріптесі бұл уақытта жағдайды кезекші бөлімге баяндайды. Олар перинаталдық орталыққа хабар береді. Аяғы ауыр келіншек перзентханаға 10-12 минуттың ішінде жеткізіліп, ары қарай дәрігерлер қабылдап алған.

Серік Қанапин – СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы:

-Келіншек тұңғышына жүкті екен. Ұл екенін айтты. Өзінің аты-жөнін сұрамадым да. Осында бірнеше күн ауруханада жатып шығыпты. Дәрігерлер: «Босануға әлі ерте»,- деп үйіне, Явленка селосына жіберген екен. 2 сағаттан кейін жолда толғағы қысып, шұғыл автобусты тоқтатады.

Айта кетейік, оқиға «Оңтүстік» бекетінде болған. 10 жылдық еңбек өтілі бар Серік Қанапинның қызметінде мұндай жағдай алғаш рет орын алып отыр. Сондықтан болар, жаны шүберекке түйілген келіншекті көлікке отырғызғанда біраз абдырап қалған. Алайда, тәртіп сақшысына күнделікті өмірде түрлі жағдайдағы адамдар жолығады екен.

Серік Қанапин – СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы

-Басым көпшілігі жұмысыма түсіністікпен қарайды. Теріс пікір білдіріп жататындар да болады. 10 жыл ішінде қызметтің арқасында психологқа айналып бара жатырмыз. Жүргізушіге жақындай бергенде қандай адам екенін бірден байқауға болады. Өзіңді қалай ұстап, қалай сөйлесу керектігін де білесің.

Серік Қанапин сағат таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін осы жерде қызмет етеді. Қызығы мен шыжығы мол болса да бұл саланы таңдағанына еш өкінбейтінін айтады.

Алтынай Казиканова