ТКШЭкологияӘр түрліЕрiктiлер

Қорғансыз жануарлар

Ит адамның досы дейміз. Ажырамас серігің бола алатын жануарлардың дәл осындай күйге түсуі аянышты, әрине. Мұндай көріністі қазір облыс орталығында сүріліп жатқан жер үйлердің маңында жиі байқауға болады. Бұған не себеп? Баспана тұрғындары көшер кезде ит-мысықтарын өздерімен бірге ала кетпей, қажетсіз зат секілді қалдыратын көрінеді. Қараусыз қалған жануарлар қайтсін, күндіз азық іздеп қоқыс аралайды, түнде мекеніне қайта оралып, иесін күтеді.

Кей тұрғындар көшеде қалған иттерді қамқорлықтарына алуда. Арнайы ұйым өкілдері де жануарларға пана тауып жатыр. Бірақ, далада қалған төртаяқтылардың көптігі соншалық, мұнда бос орын қалмаған. Ал жолы болмаған басқа ит-мысықтардың жайы не болмақ?

Сырғабек Байжанов – қалалық ветеринариялық станциясының директоры:

– Мемлекеттік сатып алуларға препаратқа тапсырыс бердік. 09:52 Қала тұрғындарынан өтініш түсіп жатыр.

«Аделин» деп аталатын препарат көше кезген ит-мысықтардың көзін бірнеше минутта-ақ жоятын көрінеді. Бірақ, бұл шешімге қаланың кейбір тұрғындары келіспей, әлеуметтік желіде наразылықтарын білдіруде.


@sayanabekenova : «Қалай дәттеріңіз барады? Қорғансыз жануарларды қорлауды қашан қоясыздар?».
 @manarbek21296: «Мұндай бассыздықты доғару керек! Тастап кеткен иелері кінәлі емес пе? Жануарлардың қандай кінәсі бар?».
@depressionkyz2: «Жануарларды өлтірген дұрыс емес! Одан да баспана салып беріп, күтіп-бақса, сенімді қолға тапсыруға болады ғой».

Бұған қалалық ветеринариялық станциясы директорының өз жауабы бар.

Сырғабек Байжанов – қалалық ветеринариялық станциясының директоры:


– Иттер қоқыстан тамақ жеп жүре берсе, құтырып кетуі мүмкін. 
Тұрғындардың денсаулығына зиян келтіреді. Сондықтан, алдын алу мақсатында көзін жойып жатырмыз.

Арнайы препараттың көмегімен жыл басынан бері 1600-ден астам иесіз қалған ит-мысықтың көзі жойылыпты. Әзірге, құтыру фактісі тіркелмеген.

Маржан Касымбек