COVID-19: Қазақстан

93 жастағы өңір тұрғыны вакцина қабылдады

Тоқсаннан асқан қария өзін тың сезінеді. Күнде таңертең серуендеп қайтады. Әнуарбек Жақыпов денсаулығыма ешқашан бейжай қараған емеспін дейді. Әрдайым емханаға барып, тексеріліп тұрады екен. Жуырда көппен бірге иммундау шарасына қатысуды жөн көрген.

Әнуарбек Жақыпов – Петерфельд селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

-Барлық ағайын-туысты иммундау шарасынан өтуге шақырамын. Кеше ғана екпе қайдырттым, жағдайым жақсы”.

Әнуарбек Тұрсынбекұлына қытайлық “Hayat-Vax” екпесінің 1-ші компоненті қойылыпты. Енді 21 күннен кейін 2-ші жартысын қабылдайды. Қария кенже ұлы Әділбек Жақыповтың қолында тұрады. Баласы да әкесіне қарап коронавирусқа қарсы екпе салдыртамын деп отыр.

Әділбек Жақыпов – Әнуарбек Жақыповтың ұлы:

-Әкем өзі ниет танытып, екпе салдыртты. Қазіргі жағдайы жақсы. Жақындарымның біразы вакцина алды. Ешқайсысынан кері әсер байқалмады. Енді алдағы уақытта өзім де екпе қойдырмақшымын. Нәтижесінде аталған дертке қарсы мықты иммунитет қалыптасады деген сенімдемін”.

Естеріңізге сала кетейік, екпенің кез келген түрі қолжетімді. Қайсысын қойдырса да адамның өз еркінде.

Дана Ешкенова