Құқық қорғау органдары

Петропавл тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіленді

 
55 жастағы петропавлдық үйінде заңсыз қару сақтап келген. 16-шы калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық еш жерде тіркелмеген. Нөмірі өшіріліп тасталыпты. Ер адам қаруды қамыс арасынан тауып алды десе керек. Мылтық тәркіленіп алынып, сараптамаға жіберілді. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жуырда өткен “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары жалпы 8 қылмыстық іс қозғап, 43 қару тәркілеп алған. 100-ге жуық оқ пен қолдан жасалған 2 граната тапқан. Полиция қызметкерлерінің айтуынша облыста 7 мың 250-ге жуық азаматтық қару иесі бар екен. Аталған шара аясында оның әрқайсысы тексеріліпті. Нәтижесінде тиісті талаптарды бұзған 250-ге жақын адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Дана Ешкенова