Құқық қорғау органдарыҚоғам

Департамент жұмысын оңтайландыру


 
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде қаңтар айынан бері бірнеше қызмет оңтайландарылған.
Енді салық есептілігін кері қайтарып алу және салықтық есеп-қисапты тапсыруды тоқтату қызметі 1 күннің ішінде көрсетіледі. Сондай-ақ, салық түрлерін, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұл рәсімдеу және қайтару жұмысы 5 күнде атқарылады. Айта кететін жайт, үстіміздегі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бейрезиденттер, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде тіркеле алмайды.

Жаңыл Қабдөшева – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маманы:


-Резидент емес жеке тұлғалар, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ЖСН беру, тіркеу деректерін өзгерту, СТН-ді алып тастау үшін тіркеуші органдарға (көші-қон полициясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ) өтініш беруі қажет. Бейрезидентті Салық кодексінің 76-бабы шеңберінде салық төлеуші ретінде тіркеуді мемлекеттік кіріс органдары бейрезидент заңды тұлғалар үшін ғана жүзеге асыратын болады.


Бердимурат Баймухан