Спорт

«Qyzyljar» ФК жеңіліс тапты

Жергілікті «Qyzyljar» футбол клубы оралдық “Akzhaik”-қа есе жіберді. “Қарасай” стадионында өткен матч 0 де 1 есебімен аяқталды.
Тартысты кездесудің алғашқы таймында қонақтар белсенді болды. Олар қайта-қайта шабуылдап, солтүстікқазақстандық аяқ доп шеберлерін әбігерге салды. Алайда, бірінші 45 минуттықта гол соғылмады. Көпшілік екінші кезеңде петропавлдықтар ес жиып, ауа райының қолайсыздығына қарамай жиналған жанкүйерлердің сенімін ақтайды деп топшылаған. Дегенмен, қарсыластарымыз алға шығып кетті. Қарымта шабуылдардың бірінде Иван Антипов көзге түсті. Бұл жеңілістен кейін «Qyzyljar» турнирлік кестеде 6-шы орынға сырғыды. Келесі матч сырт алаңда маусымның 22-сі күні “Aktobe”-қарсы өтеді.

Байболат Култанов