ҚоғамБизнес және экономикаБилік

Қандай қазақстандық банк бизнес үшін тиімді?

Банктің активтері 2019 жылмен салыстырғанда 54%-ға, яғни 323 млрд теңгеге дейін артқан. Осылайша таза пайда 11%-ға дейін өсті. ВТБ кредиттік қоржыны 33%-ға, ал депозиттік қоржыны 89%-ға ұлғайды. Бұған қазақстандық банктер арасындағы ең жоғары кредиттік рейтингтің бірі ықпал етті, бұл ұйым сенімділігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Елена Лебедева – Банк ВТБ (Қазақстан) Петропавл қаласындағы филиалының директоры:

-Өткен 2020 жылғы қиындықтарға қарамастан, біздің банк жақсы нәтиже көрсете алды. Қаржы ұйымы пандемия уақытында 3 бағыт бойынша жұмыс жасады. Біріншіден, ішкі процестерді оңтайландырдық және шығындарды қысқарттық. Екіншіден, клиенттерге де, банкке де барынша тиімділік әкелетін қызметтерге басымдық бердік. Үшіншіден, жаңа, мобильді және икемді сату моделіне көштік.

Өткен жылы банк карантин шараларын енгізуден зардап шеккен кәсіпкерлерге ерекше назар аударып, кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы сұраныстардың 90%-ын қанағаттандырды. ВТБ бизнеске көмек көрсетуден басқа, ШОБ-ті мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген кредиттермен және банктің өз қаражатынан қаржыландырумен қолдайды.

Елена Лебедева – Банк ВТБ (Қазақстан) Петропавл қаласындағы филиалының директоры:

-Бүгінде заңды тұлғалар бизнестерін дамыту үшін ВТБ банк арқылы тиімді кредит ала алады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6,1% құрайды. Сондай-ақ, біз бизнеске арналған басқа да банктік қызметтердің кешенін ұсынамыз: депозиттер, кепілдіктер, овердрафттар, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, корпоративтік карталар және т.б. Сонымен қатар, клиент банк қызметтерінің санын неғұрлым көп пайдаланса, банк оған соғұрлым тиімді мөлшерлемелерді ұсынады.

Банктің көптеген қызметтерін бүгінде бөлімшелерге бармай-ақ қашықтықтан пайдалануға болады. Мамандандырылған мобильді банкинг тек жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да қолжетімді. Ал жақында кәсіпкерлер банк сайтында немесе электрондық үкімет порталында шот аша алады, ол үшін қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ. Банктің қызметтері мен өнімдерімен толығырақ vtb-bank.kz сайтында https://www.vtb-bank.kz/smallbusiness/ немесе 5050 нөмірі бойынша таныса аласыз.

ҚР ҚНРДА 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 лицензиясы

Дана Ешкенова