Құқық қорғау органдары

Петропавлда түнгі уақытта көше кезген 2 жасөспірім ұсталды

Кәмелетке толмаған жастардың ішімдік ішкендері де анықталып отыр.
Екеуі профилактикалық есепке алынып, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Отбасылардың әрқайсысы 30 мың теңгеден айыппұл төлеуі тиіс. Еске сала кетейік, облыс орталығында жуырда “Түнгі қаладағы балалар” деген атаумен жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен еріктілер бірігіп тұрмысы төмен жанұяларды да аралап шыққан. Мақсат – арнайы санаттағы балалардың үйде екендігіне көз жеткізу.

Дана Ешкенова