ТЖ

Петропавлда өрттен 57 жастағы ер адам қаза тапты

Петропавлда өрттен 57 жастағы ер адам қаза тапты. Оқиға кеше “Борки” кентінде болды.

Зеленая көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің отқа оранғандығы жайлы хабар өрт сөндірушілерге таңғы 9 кезінде түскен. Мамандар оқиға орнына 7 минуттың ішінде жеткен. Өрт 5 шаршы метр жерді шарпыған. Баспананың едені мен жиһаздары жанып кетті. Қызыл жалынды ауыздықтау барысында құтқарушылар 57 жастағы баспана иесінің жансыз денесін табады. Айтуларынша, ер адам ішімдік ішіп, темекісін сөндірмей ұйықтап қалған.

Жанат Жұмажанов – Петропавл қалалық ТЖБ бас маманы:

-Сот-медициналық сараптама көрсеткендей ер адам иіс тиіп қайтыс болған. Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында 106 өрт оқиғасы тіркелді. 9 адам көз жұмды. 18 адам түрлі дене жарақатын алды. Араларында кішкентай 3 бала бар.

Дана Ешкенова