Мүлік пен жер салығын “e-Salyq Azamat” қосымшасы арқылы төлеуге болады

Салық басқармасы

22:53 18 Маусым 2021

Өткен жылғы мүлік пен жер салығын төлемеген петропавлдықтар қарыздарын қазан айының 1-іне дейін өтей алады. Бұл жайында қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары хабарлады. Қажетті соманы аудару үшін банк бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ. Бұл ретте “e-Salyq Azamat” мобильдік қосымшасын пайдалануға болады. Салықты аталған бағдарлама арқылы төлегенде комиссия ұсталмайды.

 Жібек Күлікова – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

-2021 жылғы 1-ші қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Осыған орай жеке тұлғалар 250-ші форманы да «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы арқылы тапсыра алады. Тегін бағдарламаны «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеп алуға болады.

 

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 6 айды қорытындылады