Ауыл шаруашылығы

Алқаптарда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Өңір алқаптарында химиялық өңдеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Солтүстікқазақстандық диқандар жайма-шуақ күндерді пайдаланып, 1 жарым млн гектар жерді арамшөпке қарсы өңдеген. Бұл жалпы жоспардың 43,8%-ын құрайды. 305 мың гектар алқап жәндіктерден өңделген. Сонымен қатар, өсімдік ауруларына қарсы 103,6 мың гектар жерге гербицид сіңірілген.