Құқық қорғау органдары

СҚО-да маусым айында адам өлтіруге қатысты 4 факті тіркелді


Ащы судың кесірі! Аққайың ауданына қарасты Тоқшын ауылында кісі өлтіру фактісі тіркелді. 2 ер адам ішімдік ішіп алып, бір-біріне пышақ сілтіген. Салдарынан 1 кісі зардап шегіп көз жұмды.
Күдікті қолға түсті. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірнеше күннен кейін осыған ұқсас жағдай Қызылжар ауданындағы
Большая Малышка селосында да болды. Аталған елді мекенде ашуға булыққан нәзікжанды өзінің күйеуін өлтіріп тастады. Ол марқұмды бөтелкемен ұрып ажал құштырған. Сараптама нәтижесіне сүйенсек, ер адам ғана масаң күйде болыпты. Жалпы, облыста маусым айында адам өлтіруге қатысты 4 факті тіркелген.

Сән ЖҰМАҒАЗИНА – СҚО ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы:
– Полицейлер 56 жастағы Қызылжар ауданының тұрғынын қолға түсірді. Ол азаматтық күйеуін өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қылмыстық іс қозғалды.