Спорт

Жанкүйер болайық

 Жергілікті жігіттерге жанкүйер болайық! Ертең «Qyzyljar» футбол клубы кезекті матчын өткізбек.
Бұл жолы петропавлдық аяқ доп шеберлеріне оралдық “Akzhaik” құрамасы қарсы тұрады. 16-шы тур аясында ұйымдастырылатын ойын “Қарасай” стадионында өтеді. Басталуы – 18:00-де. Бүгінде қос ұжымның ұпай сандары тең. Жерлестеріміз қарсыластарынан тек доп айырмасы бойынша жоғары тұр. Турнирлік кестеде теріскейліктер – 5-ші, ал батыстықтар 7-ші орынға жайғасқан. Біріншіліктің алғашқы айналымында 2 құрама бір-бірімен кездескенін айта кетейік. Онда қызылжарлықтар 0 де 1 есебімен жеңіске жеткен болатын.


Бердимурат Баймухан