COVID-19: Қазақстан

50 мыңға жуық солтүстікқазақстандық иммундаудың толық курсынан өтті

The YouTube ID of X9JAwUs_XrAe is invalid.

 
Бүгінде өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 84 мыңнан астам адам алған. Ал толық курсын 50 мыңға жуық солтүстікқазақстандық қабылдапты.
Екпе егуде медицина қызметкерлері белсенділік танытуда. Облыстық фтизиопульмонология орталығында 606 маман қызмет етсе, оның 80 пайызы екпе салдырған.

Раиса Құсайынова – облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің орынбасары:


– Вирусқа қарсы иммунитет қалыптастырудың ең тиімді жолы – екпе ектіру. Вакцина коронавирусты тез жеңіп шығуға көмектеседі. Иммундау шарасынан кейін кей қызметкерлердің дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырып, әлсіздік сезінді. Қазір бәрінің жағдайы жақсы.


Бердимурат Баймухан